Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петровтың айтуынша, республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болады: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және олардың уақытша барған жерлерінде құрылған.
«Референдум учаскелерінің жалпы саны – 10 327, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 учаске және 618 уақытша болу орнында, 63 елде Қазақстаннан тыс жерлерде – 78 учаске. Референдум комиссияларының мүшелері саны 70 049 адам болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы ел бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу үшін тізімге енгізілуге құқылы», – деді Петров.
Бұл ретте ол 1 шілдедегі көрсеткіш түпкілікті емес және негіз ретінде алынғанын түсіндірді.
«Әкімдіктер шілде-тамыздағы халық санының динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық енгізілуін қамтамасыз ету үшін берілетін өтініштерді ескереді», – деп қосты Петров.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!