Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоға жаңа міндеттер жүктеуді көздейтін Президент Жарлығының жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Құжатқа сай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мына функциялар беріледі:

  • Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
  • мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл және олардың қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
  • нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту.

Жарлық жобасын ашық талқылау 17 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!