Фото: Pіxabay.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443– 448 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7-446,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 443-448 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444,79 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,87-4,97 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 30 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,94 теңгеге қымбаттап, 444,90 теңге болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!