Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 327 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 327 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
2022 жыл ғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен м үгедектігі бойынша м емлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан ай ы рылу жағдайы бойынша – 7,2 млрд теңге бөлінді .
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 534,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 156 мың адамға жетті.
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 53 802 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 46 328 теңгені құрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!