Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Бүгін Жалағаш ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Жалағаш кенті мен ауылдық округтерден сыр маржаны, ет, сүт, балық, картоп, сәбіз және басқа да бақша өнімдері мен жем-шөп әкелінді.

Жәрмеңке өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада сатылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Жергілікті өнімге деген халықтың сұранысы жоғары. Баға тұрақтылығын сақтауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!