Қазақстанда наурыз айында инфляция 12%-ға дейін өсіп, рекордтық деңгейге жетті. Соның салдарынан азық-түлік бағасы 15,4%-ға дейін артты.
Осыған байланысты ел үкіметі дағдарысқа қарсы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортамерзімдік жоспарын бекітті. Бұл шаралар нарықты нақты өніммен қамтып, азық-түліктің физикалық және экономикалық қолжетімділігін және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Елімізде азық-түлік қымбаттауына не себеп болып отыр? Тамақ өнімдерінің бағасын ретке келтіру үшін қандай шараларды қолға алу қажет? Осы секілді сауалдарға жауап алу үшін экономист сарапшылардың пікірін білген едік. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.
Қай өнімдердің бағасы өсті?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы наурызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 15,4% қымбаттаған. Атап айтсақ, қант – 33,2%–ға, көкөністер – 23,4%–ға, картоп – 14,6%–ға, жемістер – 9,3%-ға, сары май – 6,7%-ға, жарма – 6,3%-ға, жұмыртқа – 5,2%–ға, күріш – 4,3%–ға, ет және құс еті – 3%-ға, шұжық, кондитерлік өнімдер – 2,7%-дан, күнбағыс майы – 2,5%-ға қымбаттаған.
Сонымен қоса тұрмыстық техникаға – 13,5%, жуу және тазалау құралдарына – 5%, құрылыс материалдарына, жеке пайдалану тауарларына – 3,8%–дан, автомобиль – 3,2%, фармацевтика өнімдеріне – 1,7%, киім және аяқ киімге – 1,6% баға өсімі болды. Тұрғын үй – жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер 4,4%–ға, қоғамдық тамақтандыру – 3,9%-ға, денсаулық сақтау – 3,5%-ға, шаштараз бен жеке қызмет көрсету орындары -1,6%-ға өсті. Таксиде жол жүру 2%–ға, қалааралық автобус – 1,3%-ға қымбаттады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!