Бүгін Сенат депутаттары сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығын, сондай-ақ банк қызметін реттеуге қатысты заң жобасын қабылдады.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары Кредиттік бюродан қарыз алушының барлық несиесі туралы ақпаратты алып, тексеретін болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл өзгерістер банк пен микроқаржы ұйымдарына қарызы көп адамдарға жаңадан несие берілмейді.
Енді Кредиттік бюроға борышкерлер туралы ақпарат бұрынғыдай 15 күнде емес, 1 күнде жіберіледі. Ол ақпаратта қарыз алушының кредиттері туралы барлық мәлімет болады. Заңға енетін осындай түзетулер арқылы онсыз да несиесі көп адамдарға қарыз берілмейді,
— деді Мәдина Әбілқасымова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!