Фото: midijourney

Ислам финансының магистрі, қаржыгер Мұрат Қылышбай «Береке банк» Ислам банкіне айнала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, Қатар инвесторы 65 млрд теңгеге қазақстандық «Береке банкті» сатып алды. Қатарлық инвестор банк акцияларын 100 пайызын сатып алуға ниетті екені ақпан айында айтқан болатын.

Алдымен, «Береке банк» шариғат стандарттарына сай болуға тиіс. Сондықтан банк лицензиясын ислам банкінің лицензиясына өзгертіп, бүкіл қызмет түрлерін қайта құруы керек. Осылайша, «Береке банк» трансформациядан өтіп, 100 пайыз ислам банкіне айналады. Заңға сәйкес, бізде арнайы опция жоқ, сондықтан ол дәстүрлі банк немесе ислам банкі ғана бола алады. Алайда елімізде ислам банкінің қаржыландыру үлесі, дәлірек айтсақ, нарықтағы үлесі өте аз. Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша экономикаға берілген халал ақша тек 0,5 пайыз ғана, ал қалған 99,5 пайыз қаржы әдеттегі жолмен пайызбен берілген. Сол себепті қатарлық банк үшін өзекті сұрақ болып қалмақ, – деді Мұрат Қылышбай.

Еске сала кетсек, былтыр Серік Жұмаеғарин Сауда және интеграция министрі болып тұрған кезде елімізге Қазақстанға несиеге пайыз қоспайтын банк келуі мүмкін екенін айтқан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!