[09:30, 13.06.2022] Шұғыла практикант: Жастар қазір мамандықты өз қалауымен емес, грант үшін немесе ата-ана еркімен таңдайды. Неге? Жастар барынша еркін, жеңіл өмір сүргісі келеді. Ғаламтордан қарасам, қазіргі таңда жастардың 75,9%-ы жұмыссыз екені анықталған. Жүзге жуық респонденттердің 31,3%-ы жұмыспен қамту орталығына, 27,7%-ы интернет ресурстарына жұмысқа тұру мақсатында өтініш қалдырған. Сауалдамаға қатысқан жастардың үштен бір бөлігі жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнында алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасудың қиын екенін айтқан.
Яғни жастардың 42,2%-ы білім алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, 25,3%-ы таңдаған мамандығы бойынша жұмыс табу қиын деп санайды. Ал 71,1%-ы жұмысқа орналасуда кездесетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын алға тартқан.
Бұл орайда еліміздің дамуына үлес қосуына септігін тигізу мақсатында «Дипломмен – ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар тəжірибесі»сынды бағдарламаларды кеңінен насихаттауымыз қажет.
«Елу жылда – ел жаңа», – десек, Қазақстан тәуелсіздігін алып, нарықтық қатынастарға өткелі ширек ғасырдан енді асып барады. Демек, қоғамдық сана толықтай жаңарып үлгерген жоқ. Кеңестік кезеңде салтанат құрған «жоғары білім – жарқын болашақ кепілі» түсінігі әлі де өзекті. Сондықтан ата-аналар баласына оқуға ықыласы жоқ болса да көштен қалмасын деп қайтсе де диплом алып беруге тырысады. Мектепте де мұғалімдер оқушыларға «оқымасаң, көрген күнің қараң» деп үнемі құлақтарына құяды. Нәтижесінде көп жастар жанына жақын кәсіптің тұтқасын ұстаудың орнына, өзі қызықпайтын саланы оқу ақысы арзан, ортаңқол оқу орнында шала меңгеріп шығады. Сабаққа аңсары аумағандықтан, оған ден қоймайды. Қосымша жұмыс жасап жүріп, емтихандарды әупірімдеп жауып, қолға диплом алады. Кейбірі дипломдық жұмысты сатып алатыны айтпаса да түсінікті. Енді, өзі қызықпаса, сабағына қатыспаса, не деп жазсын. Осылайша мамандығынан мақұрым тағы бір маман жұмыссыздардың қатарына қосылады. Мұндайлар мыңдап саналады. Өздеріне ұнайтын іспен айналысатындар әлдеқайда бақыттырақ екендігін өмір әлдеқашан дәлелдеп қойған. Қандай жұмыс болмасын, адамға қуаныш сыйлап, содан рақат алса, онда ол адамның мамандық таңдауда адаспағаны. Сондықтан баланың шама-шарқын ескерместен сүйрелеу, қабылдауға ынтасы жоқ немесе қабілетсіз ой еңбегіне жегу қате. Одан да сүйікті, қолынан келетін ісіне баулу, анағұрлым абзалырақ деп ойлаймын.
Тағы бір себеп, қажетсіз мамандықтардың көбеюі.
Университеттер мен колледждердің шектен тыс көбеюі, ол жерде қоғамға қажетсіз мамандықтардың оқытылуы дипломды жұмыссыздардың артуына әкеліп соқтырды.
Өкінішке орай, түлектерде мамандық таңдауда объективті ақпарат жоқ. Сондықтан таңдау жасарда атынан ат үркетін, кеңестік кезеңде абыройлы саналған мамандықтарға барады. Тиісті органдарда қандай мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары бар, қай сала маманға тапшы, керісінше қандай мамандар шамадан тыс асып кеткені туралы ақпарат бар. Осы ақпарат мектептердің жоғары сынып оқушыларына таныстырылса, түсіндірілсе бәлкім жыл сайын бір қателікті қайталай бермес пе едік.
Не десек те, жастарды жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты төмендетуге білім беру мекемелері ғана кінәлі емес. Бұған белгілі бір жүйе керек.
Өйткені білім ордаларының мақсаты – білім беру. Бұл туралы «Білім туралы» заңның 21-3 тармағында:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске Дипломды жастарды жұмыспен қамту маңызды. Бірақ мемлекеттік деңгейде шешімін табуы тиіс мәселені ЖОО қалай шешпек? Ал «жастардың дипломы
бар, жұмысы жоқ» деген уәжбен оқу орындарының санын азайту қаншалықты дұрыс? Шындығында жұмыссыздықпен күресуге Білім және ғылым министрлігі де, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де, қажет болса тиісті мекемелер де мүдделі болуы қажет. Әйтпесе бұл мәселенің күрмеуі жақын арада шешілмес.
Шұғыла Муратбек,
Еуразия ұлттық университеті
филология факультетінің 2-курс студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!