Фото: ortcom.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы биылғы астық түсімі мен ұн бағасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, елімізде әлі егін орағы жалғасып жатыр.

«Қазіргі таңда астықтың 89 пайызға тартасы жиналған. Өнімнің жалпы көлемі 21 млн тоннадан асады. Өнімділік – бір гектардан 14,8 центнер. Қазір оңтүстік өңірлер егін жинау науқанын аяқт»ды, ал солтүстік облыстарда егін орағы әлі жүріп жатыр», – деді Ермек Кенжеханұлы сенат кулуарында.

Шенеунік жиналған астықтың 60-70 пайыздан астамының сапасы жақсы екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда өндірілетін астық көлемі ішкі сұранысты қанағаттандыруға жетеді. Тіпті, экспорт нарығын кеңейтуге де мүмкіндік бар.

Осы орайда журналистер вице-министрден ұн бағасы қалай өзгеретінін сұрады.

«Ұнның бағасы туралы бірдеңе айту әзірге ерте. Себебі нарық әлі құбылып тұр, бидай бағасы енді анықталып жатыр. Сол себепті ұнның бағасын болжау ерте», – деп жауап берді министр орынбасары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!