Қарашада инфляция Қазақстанның 10 өңірінде жеделдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық банк мәліметінше, қарашада елде жылдық инфляция баяулап, 8,4 құрады (қазанда – 8,5%). 10 өңірде жылдық инфляция жеделдеді, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астанада тіркелді.
Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,4%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 4,9%). Осы топтағы тауарлар бағасы Жетісу облысында (7,9%) барынша жоғары, ал Түркістан облысында (3,2%) мейілінше төмен өсті, – деп қосты ведомство.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,0%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 7,8%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,3%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,1%) тіркелді.
Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3%-ға дейін баяулады (қазанда – 14,3%). Сонымен қатар, жалпы республикалық деңгейден баға елордада (16,2%) біршама жоғары, Түркістан облысында (9,4%) айтарлықтай төмен өсті.
Қарашада ел бойынша айлық инфляция 0,9%-ға өсті. Бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы қазанда – 0,8%).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!