Фото: Halyq Uni

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 4,4% өсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қарашада республика бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 756 теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,4% жоғары, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Абсолюттік мәнде ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді – 60 561 теңге. Одан кейін Астана – 53 560 теңге, Алматы қаласы – 53 167 теңге. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында – 44 625 теңге, – деп қосты бюро.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс мәні. Мұндағы сома тұрмысқа қажетті өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығының құнына тең.

Минималды жиынтық азық-түлік себетінен және азық-түлікке жатпайтын тауарлар әрі қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесінен тұрады (жалпы соманың 45% құрайды). Азық-түлік тізіміне 43 өнім кіреді: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністер, жемістер, жұмыртқа, қант, шай мен дәмдеуіштер. Берілген минимумның құнын білу үшін өнімнің орташа бағасы тұтынудың ең төменгі мөлшеріне көбейтіледі. Бұл көрсеткіш ай сайынғы негізде есептеледі және атаулы әлеуметтік көмекті есептеу әрі халық табысын саралау үшін ғана пайдаланылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!