Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнеткерлік жасын төмендету мен зейнетақыны көбейтуге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатпағанын айтқан еді, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақылары бұрынғыларға қарағанда төмен. Себебі адамдардың еңбек өтілі аз. Сондықтан қазіргі бірінші мәселе — базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту,
— дейді министр.
Екінші мәселе — ынтымақтастырылған зейнетақыны көтеру. Үкімет оны да қарастырмақ. Сонымен қатар қазірдің өзінде заң аясында зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік бар.
«Күміс жас» деген жаңа бағдарлама жасалып жатыр. Барлық есептерімізді жұмыс тобына өткіздік. Енді екінші кезеңге шығып, басқа министрліктермен талқылаймыз. Ал Қаржы министрінің мәлімдемесінен менің хабарым жоқ,
— деді Тамара Дүйсенова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!