Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен кезекті облыстық мәслихат сессиясы өтті.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде атқаралған жұмыстар туралы есеп беріп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова «Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтса, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова «Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2019 жылғы 7 ақпанындағы № 298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.Сессия отырысында облыс әкімі ағымдағы экономикалық жағдайға қысқаша тоқталып өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!