Аймақ басшысы есепті кездесуде қазіргідей күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін айтты.

«Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 40,1 млрд теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асты. Бұл пандемия кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берді», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы міндеттерді жүзеге асыруға басымдық беріліп, ел дамуының алдағы кезеңдегі нақты бағыттары айқындалған болатын.

«Біз Жолдауда көрсетілген осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы дамудың оң тенденциясын қалыптастыратын боламыз. Оған мүмкіндіктеріміз толықтай жетеді. Алғышарттарымыз да бар», – дейді аймақ басшысы.

Kyzylorda-news.kz. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!