Жыл басынан бері прокуратура органдарына 803 кәсіпкер жүгінді, оның әрбір төртіншісінен бұзушылық дерегі расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымдардың арасында құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелі проблемалар да бар.

«Прокурорлар бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді түпкілікті жоюға дейін жан-жақты шаралар қабылдады. Мысалы, биылғы 25 наурызда Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша өңірдегі барлық кәсіпкерлер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қарыз беру өлшемдері өзгертілген болатын. Бұған дейін, қарыз алу конкурсына талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер ғана қатыса алатын. Алайда олар шағын бизнес субъектілерін ірі кәсіпкерлерге қатысты тең емес жағдайға қойып, мемлекеттен қарыз алу мүмкіндігін жоққа шығарған. Бұл азық-түлік бағасының өсуіне және прокуратура органдарына шағым жасауға алып келді», – деп түсіндірді ведомстводан.

Павлодар қаласы прокурорының ұсынысымен әкімдік қаулысына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің шектелмеген тобының ғана емес, өңір тұрғындарының да құқықтары қорғалды, кәсіпкерлік саласында, оның ішінде Мобильдік топтардың жұмысы аясында анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлар 2022 жылғы 1 тоқсанда 64 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!