фото: stan kz

Қазақстандықтар жарық, су, жылу, газ бен қоқыс секілді коммуналдық қызметтер үшін өтемақы ала алады. Жартылай субсидиялау аз қамтылған отбасылар үшін қолжетімді. Ал өтінішті онлайн немесе халыққа қызмет көрсету орталығына беруге  болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

баласын тәрбиелеп отыр. Екі жыл бұрын ол пәтер сатып алған екен. Содан кейін коммуалдық қызмет үшін субсидия алуға өтініш қалдырған. Бүгінде әр тоқсан сайын су, газ, жарық пен жылуды тұтынуына қарай өтемақы алып отырады. 

«Тоқсан сайын құжаттарды тапсырамыз. Сосын ақша аударады. Сома коммуналдық қызметті тұтынғаныңа қарай белгіленеді: қанша жарық, су тұтынғаныңа. Мен ең аз дегенде 38 мың теңге болды», – деді Шымкент тұрғыны Зарина Харисова.

Әлеуметтік аз қамтылған қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін жартылай субсидиялау түріндегі тұрғын үй көмегін ала алады. Қаржы жергілікті бюджеттен жеке баспанасы бар немесе үйді жалға алып отырғандарға бөлінеді. 

«Мысалы, менің еңбекақым 100 мың теңге. Бұл 100 мың теңгенің  5%-ын коммуналдық қызметке жұмсаймын. Егер коммуналдық қызмет 5%-дан асып кетсе, мұны мемлекет субсидиялайды. Барлық коммуналдық қызметтердің бағасы отбасының әр мүшесіне бөлу нормативі арқылы есептеледі», – деді әлеуметтік төлем белгілеу бөлімінің басшысы Күләш Жақашева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!