Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы орта білім беру саласына аудит жүргізіп, бұл бағытта тиімсіз шығындар мен жүйелі кемшіліктерге тап болған, деп жазады Azattyq Ruhy.
Мәселен, тексеру кезінде Қазақстанда білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүрмейтіні анық көзге түскен.
«Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан», – деп хабарлайды палата.
Аудиторлар сондай-ақ, оқулықтардың сапасын сараптау мен бақылауда кемшіліктер бар екенін анықтаған.
«Соңғы 5 жыл ішінде бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген, бұл орнықты бағалау жүйесінің жоқ екенін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді бақылау ақпараттық жүйесіне тіркелмей, қазақ жүзінде жүрген», – деп жазады палатаның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды. Талқылауға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрліктердің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!