фото: Kursiv Media

2026 жылдың алғашқы екі айы банк секторы үшін өзгеріс көп болды. Екінші деңгейлі банктердің жалпы таза табысы 388,9 млрд теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда +3,5%-ға өскен. Бірақ бұл өсім нарықтағы барлық ойыншыға қатысты емес. Kursiv Media екінші деңгейлі банктердің екі айдағы таза табысын саралап көрді.

Миллиардтар шеруі: Қазақстан банктерінің 2 айдағы таза табысы 

Инфографика: Kursiv Media

Алыптардың «диетасы»

Еліміздің ең ірі үштігі  Халық (-12.9%)Kaspi (-14.8%) және БЦК (-31.7%) жылды төмендеумен бастады. Бұл банктердің нашар жұмыс істегенін білдірмейді, керісінше, былтырғы базаның өте жоғары болғанын немесе несие беру талаптарының қатаңдағанын көрсетуі мүмкін. Әсіресе, ЦентрКредиттің 31%-дық құлдырауы нарық сарапшылары үшін үлкен сұрақ. Төмендегі кестеде 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕДБ-ің таза табысының былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өзгерісін көруге болады.

Миллиардтар шеруі: Қазақстан банктерінің 2 айдағы таза табысы 

Freedom Bank табысын арттырды

Бұл тізімдегі ең таңқаларлық динамика Freedom Bank-те. Былтырғы 13,3 млрд теңге шығыннан кейін, биыл 7,1 млрд теңге таза табысқа шықты. 

Нұрбанк пен Ситибанк: Үнсіз өсім

  • Нұрбанк пайыздық көрсеткіш бойынша рекорд орнатты: пайдасын 125%-ға (0,8 млрд-тан 1,8 млрд-қа) арттырды.
  • Ситибанк өзінің корпоративтік сегменттегі мықтылығын дәлелдеп, 22.4%-дық тұрақты өсім көрсетті. Бұл шетелдік капиталдың Қазақстанда әлі де сенімді екенін білдіреді.

Тұрғын үй нарығының салқындауы ба?

Отбасы банктің пайдасы бір жылда 25.1%-ға азайған. Бұл мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың өзгеруіне немесе халықтың баспана алу белсенділігінің уақытша бәсеңдеуіне тікелей байланысты болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың басы еліміздің екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) үшін қаржылық көрсеткіштердің қайта топтасуымен басталды. Қаңтар айында сектордың жиынтық таза табысы 198,6 млрд теңгені құраған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!