Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank рейтингін көтерді. Ұлттық және шетелдік валютадағы депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі Ba2-дан Ba1-ға дейін көтерілді.

Халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтердің болжамы және эмитенттің жалпы болжамы «Позитивтен» «Тұрақты» болып өзгертілді, ‒ дейді Moody’s сарапшылары.
2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында кірістілік тұрақты болып, өтімділік жастығы күшейтілді және Kaspi активтерінің сапасы жақсарды.
– Рейтингтің өсуі – бұл біздің бизнесіміздің жоғары сапасының және үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жұмыс принципінің тағы бір мойындалуы. Біз клиенттеріміз үшін инновациялық қызметтерді құруды және іске қосуды жалғастырамыз. Мысалы, біз маусымда пойыз билетін Kaspi.kz супер қосымшасында онлайн сатып алу мүмкіндігін іске қостық. Біз қазақстандықтарды әрқайсымыздың өмірімізді жақсартатын жаңа қызметтермен таңдандыратын боламыз. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет, – деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
Moody’s сондай-ақ банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін A1.kz-тен Aa3.kz-ке, ал ұлттық контрагенттің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін – Aa.kz-ке Aa2.kz деңгейіне көтерді. Депозиттердің қысқа мерзімді рейтингі және Not Prime деңгейіндегі қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингі және Not Prime (cr) деңгейіндегі қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингі расталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!