Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова елдегі сиыр терісінің 16 пайызы ғана кәдеге жаратылатынын айтты.
Министрліктің ресми мәліметі бойынша, жыл сайын алынатын тері мен жүннің 84 пайызы қажетке жаратылмайды. 2023 жылы өндірілген 3,5 млн ірі қара терісінің тек 6%-ы (208 мың) өңделген, 10%-ы (348 мың) экспортталған, ал қалған 84%-ы (2,971 мың) өңделмей қалған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!