Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ЦентрКредиттің» «Альфа банк» мәртебесін иеленуге келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.
БЦК» АҚ Альфа-Банктің 100% дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің «БЦК» АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр», – делінген ресми хабарламада. Бұдан басқа, «БЦК» АҚ-тың Альфа банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін оны қосымша өтімділікпен қолдауға мүмкіндік береді. Еске салсақ, 6 сәуірде АҚШ ресейлік банк – Альфа банкке қатысты санкцияларды аясын кеңейтті. Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ны сатып алу туралы туралы айтылған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!