Фото: AP Photo / Tony Gutierrez

Sputnik. Қазақстан мұнай экспортынан жылына орта есеппен 40 миллиард доллардан астам пайда табады, деп хабарлады 24KZ.

Сәйкесінше елде қара алтын өндіру көрсеткіші артып келеді. Мысалы, шілде айында маусыммен салыстырғанда мұнай өндіру 4,6%-ке өскен. Бұл – 7,57 миллион тонна.

Ал табиғи газ өндіру өткен айда 7,9%-ке артқан. Бұл шамамен 5 миллиард текше метр.

Айта кетері, былтыр елімізде 90 миллион тонна мұнай өндірілген. Ал расталған қор 2,9 миллиард тоннаға бағаланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!