Фото: Pixabay.com
Қазақстан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды.
“ОПЕК+ министрлік 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!