Бұл туралы өз парақшасында Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабар таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Руслан Желдібайдың айтуынша, Президенттің және Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталған. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.

“Кездесулер қорытындысы бойынша ел экономикасына жалпы сомасы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартылады”, – деп жазды ол.

Қазақстан мен Қытайдың 100-ден аса компаниясы арасында жасалатын келісімшарттар энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика сияқты негізгі секторларды қамтиды. Желдібай инвестиция елімізге салынатын қаржы көлемін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететінін атап өтті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!