Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Заң жобасымен Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева таныстырды.

«Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын және экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың кредитін төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №140 Жарлығын іске асыру үшін Парламент депутаттарының бастамасымен «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі», – деді Савельева.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салу;
90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың кредитін сатуына шектеу;
коллекторлық агенттіктердің сатып алған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі НҚА сәйкес тұтынушылық қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу;
кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу.
банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) мөлшерінде ақшаны сақтау;
кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.
«Одан бөлек, заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар да бар: Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс: «Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуге қатысты». Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынды. Бүгінде бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынды. Бұдан басқа, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде қаралатын халықтың несиесін төмендету бойынша өткен парламенттік тыңдауларда айтылған тағы да бірқатар маңызды мәселелер жоқ емес», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!