фото: aqmeshit_zhastary.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме аясында ел азаматтары жақсы өмір сүру үшін қанша ақша табуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министр жақсы өмір сүру үшін ең төменгі жалақы мөлшерінен көп ақша табу керек екенін айтты.
Сондай-ақ оның айтуынша, ел азаматтарының жағдайын жақсарту үшін еңбек нарығының тұжырымдамасы бекітілді, оның аясында Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бет бұрады.
«Бүгінде сапалы жұмыс орындарының саны 2 млн 100 мыңды құрайды, біз бұл көрсеткішті кем дегенде 3 млн 800 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Жалақы ең төменгі деңгейден кем болмауы керек», деді Светлана Жақыпова.
Сонымен қатар министр жұмыс берушілер ұсынуы қажет төрт критерийді атап өтті. Олар: әлеуметтік кепілдіктер, жұмыстың тұрақтылығы, жалақы медианадан төмен емес керісінше одан жоғары болған кезде және еңбек жағдайының қауіпсіз болуы. Ал мемлекеттік инспекторлар жұмысты тікелей осы критерийлер бойынша бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!