Фото: primeminister.kz
KAZINFORM – Қазақстандағы газдың 85 пайыздан астамы батыстағы үш кен орнынан өндіріледі. Кен орнының екеуі Атырау, біреуі Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес «QazaqGaz» ҰК АҚ-мен бірге 2030 жылға дейін газдың болжамды балансын қалыптастырылған.
«Қазақстанда газ өндірудің 85%-дан астамын Теңіз (27%), Қарашығанақ (38%) және Қашаған (20%) жобалары қамтамасыз етеді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының газ өндірісі 59,063 млрд текше метрді құрады. Оның ішінде Теңіз кен орнынан – 16,009 млрд текше метр, Қарашығанақтан 22,385 млрд текше метр, Қашағаннан 11,856 млрд текше метр, басқа кен орындарынан 8,813 млрд текше метр газ өндіріді», -деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, газ саласының даму қарқыны соңғы жылдары елімізде газ өндіру тұрақты өсіп келе жатқанымен расталған. Биыл газдың болжамды балансына сәйкес газ өндіру 60,456 млрд текше метрге дейін өседі жоспарланып отыр.
«Биылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,054 млрд текше метр. Газдың болжамды балансына сәйкес ағымдағы ішкі тұтыну 20,9 млрд текше метрді құрайды», -делінген министрліктің мәліметінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!