Биыл жарты жыл ішінде елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды (2021 жылы – 39 482), деп хабарлайды ҚазАқпарат. Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсіп отыр. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23% артып, 4 557 автомобильге дейін өскен. Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты. Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады. Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең танымал брендтердің бестігіне (экспортты қоса алғанда) Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөлігі кіреді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!