Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға апта сайын 200 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазнетте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжаомен кездесуде Қазақстан азаматтарына арналған «Қолдау және кірісті арттыру бағдарламасын» талқылады деген ақпарат тарады.

Бұл хабарламада назар аударарлық басты нәрсе – ол Binance криптобиржасының ресми ресурсында немесе аккаунтында емес, басқа парақшада жарияланған. Екіншісі – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Чанпен Чжаомен кездесуі туралы баяндайтын жаңалық, жүргізуші әңгіме тақырыбын айта бастаған сәтте үзіледі. Содан кейін кадр сыртындағы дауыс – ер адам қазақстандықтар үшін криптобиржада қандай жағдайлар жасалғаны туралы егжей-тегжейлі баяндайды. Біріншіден, бұл хабарлама көзінің белгісіз және сенімсіз екенінің белгісі. Екіншіден, жаңалықтардың ресми шығарылымында ҚР азаматтарына түсетін пайда туралы мүлдем айтылған жоқ. Сондықтан жарнама авторлары бұл видеоны қайта дыбыстап, өз тараптарынан ақпарат қосқан.

Мемлекет басшысының Чанпен Чжаомен кездесуі осы жылдың 25 мамырында өтті. Алайда, кездесу барысында қандай да бір «мемлекеттік қолдау бағдарламасы» туралы және қазақстандықтарға криптобиржи тарапынан төленетін төлемдер туралы сөз болған жоқ. Шын мәнінде, Қасым-Жомарт Тоқаев Binance негізін қалаушысымен цифрлық қаржы саласындағы ынтымақтастық және блокчейн-технологиялар саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрия өңірлік хабын құру жайы сөз болды.
Binance криптобиржасының ресми сайтында Қазақстан азаматтары үшін төлем бағдарламалары немесе ерекше жағдайлар жасалғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ қолданушыларға алаяқтардың қолына түспеу туралы егжей-тегжейлі кеңестер ұсынылған. Онда алаяқтар көп пайда табуға шақырып, трейдерлердің немесе криптовалютаен ақша тапқысы келетін адамдардың назарын аудару үшін жарнамаларды жиі орналастыратыны айтылған.

Ақпарат жалған болып шықты. Binance криптобиржасында жасалған ерекше жағдайлар туралы биржаның негізін қалаушысының ҚР Президентімен кездесуі туралы жаңалықтардың нақты шығарылымында да, Binance ресми сайтында да айтылған жоқ.

Онлайн-алаяқтар қазақстандықтарға бұған дейін де инвестициялар немесе салымдар жасап, қомақты табыс табуға болатыны туралы айтқан. Біз мұндай жағдайлар туралы айтқан болатынбыз

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!