Жыл сайын болатын төтенше жағдайлардан Қазақстан экономикасына шамамен 477 млн доллар шығын келеді. Оның 419 млн доллары су тасқыны салдарынан.
Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының биылғы есебіне сәйкес, су тасқынынан болатын орташа жылдық шығын – 419 млн доллар. Бұл жер сілкінісінен болатын зардаптан 7 есе артық.
Қазақстанның барлық аймақтарында су тасқыны қаупі бар. Олардың орта есеппен алғандағы шығыны 30 млн доллардан асады. Ал, тасқыннан ең көп көлемде зардап шегетін өңір – Қызылорда облысы. Аймақтың жылдық шығыны – 60,7 млн доллар. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстары тұр. Оларға жыл сайын келетін зардап 40 млн доллардан асады.
Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен адамдардың орташа жылдық саны – шамамен 156 мың адам. Құрбандар ең көп Ақмола (22 мың адам) және Қызылорда облыстарында (19,4 мың адам) тіркеледі.
Сонымен қатар, жер сілкінісінен болатын шығындар да аз емес. Келетін жылдық зардап – 57,6 млн доллар. Оның 46,8 млн-ы Алматы облысына, 8,9 млн-ы Түркістан және 1,6 млн доллары Жамбыл облысына тиесілі.
Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының дерегінше, жыл сайын жер сілкінісінен 44 мыңға жуық қазақстандық зардап шеге
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!