Коллаж: Kazinform/ Canva

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,06 теңгеге арзандап, 475,09 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 478,77 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 473,00 теңгеден сатып алынады, 480,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 543,00 теңге, сату — 553,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.
— юань: сатып алу — 70,85 теңге, сату — 75,38 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 474,22 теңгеден сатып алынады, 476,46 теңгеден сатылады. Еуро 548,46 — 554,16 теңге, ал рубль 5,80 — 5,95 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,71 теңгеден сатып алынады, 71,54 теңгеден сатылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!