1 тамыздан бастап Н.Назарбаев даңғылының С.Бейбарыс көшесінен Ә.Мүсілімұлы көшесіне дейінгі аралығында жол жамылғысын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты аталған көшеде жол қозғалысы ішінара шектелді.

Қызылордада көшелердің бірінде жол қозғалысы ішінара шектелді

Өздеріңізге белгілі, облыс орталығындағы басты көшелердің бірі – Н.Назарбаев даңғылы 2013 жылы пайдалануға берілді. Даңғыл көліктік-пайдалану көрсеткіштері бойынша жоғары саналады. ҚР құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес, жөндеу жұмыстарының жарамдылық мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін. Ол жол қозғалысының интенсивтілігіне тікелей байланысты болғандықтан, көшенің жөндеу мерзімі жетіп отыр. Қазірде мердігер мекеме жөндеуді екі ауысыммен жүргізіп, белгіленген уақытынан бұрын тапсыруға жұмыс жасауда.

Сіздерден аталған жұмыстарға және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!