Министрліктің айтуынша, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады.

Ресей азаматтары Қазақстанда бизнеспен айналыса алады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің айтуынша, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады.

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес жеке кәсіпкер ретінде қызметті Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, яғни Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, сондай-ақ, РФ, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің бейрезиденттері жүзеге асыра алады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін әлемнің барлық дерлік дамыған елдері Ресей Федерациясына, оның ішінде бизнеске қарсы қатаң санкциялар салған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!