Қазақстанда адам өмірді сақтандыру нарығында 9 компания бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы департаменті директорының орынбасары Әсел Әмірбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында 9 компания бар. Бұл нарықтың болашағы зор және сақтандыру саласының қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады.1 сәуірдегі жағдай бойынша адам өмірін сақтандыру шарттарының саны 2,5 млн-нан асты. Тек биылғы жылдың I тоқсанда 750 мыңнан астам шарт жасалды», – деді Әсел Әмірбаева.

Оның айтуынша өмірді сақтандыру полисі өзіңді және туыстарыңды күтпеген жағдайларда болуы мүмкін қаржылық шығындардан қауіпсіздендіруге көмектеседі, ол өлім, еңбекке жарамсыздық жағдайында табысты жоғалту және басқа да, сондай-ақ оқыту, өмірдегі маңызды оқиға және тағы да басқа өзінің өмірлік жоспарларын іске асыруға қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. «Бүгінде ҚР Мәжілісінде өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу мүмкіндігі талқылануда.

Жобаға сәйкес сақтандыру полисі баланың білім алуына ақша қаражатын мемлекет қолдауымен жинақтауға мүмкіндік береді, ал ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, балаға сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасын төлеуге кепілдік беріледі. Мәселен, бір азаматтың баласы дүниеге келді делік.

Азамат баласы кәмелет жасқа толғанға дейін оның біліміне ақша жинағысы келеді. Азамат өмірді сақтандыру компаниясына жыл сайын жарна төлейді және бала 18 жасқа толғанда оның шотында білім алуына қажетті сома болады», – деді Агенттік өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!