Фото: pixabay.com
Тасқын судан зардап шеккен диқандарға 300 млрд теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қолдау білдіріп, «Бәйтерек» фермерлерді жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады.
Алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аталған бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлерге несиенің 85%-ына кепілдік береді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, биыл «Бәйтерек» көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 440 млрд теңгеге жеткізеді.
Бағдарлама «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау науқанын 1 жылға дейін соңғы қарыз алушы үшін жылдық 5% шартымен қаржыландыруды көздейді. Бұл биыл су тасқыны мен былтырғы құрғақшылық салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған фермерлерді қолдауға бағытталған, – деп жазылған хабарламада.
Жаңа бағдарлама 29 сәуірден бастап іске қосылады. Ол холдингтің еншілес құрылымдары арқылы жүргізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!