фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляция наурыз қорытындысы бойынша 10%-ке дейін үдей түсті. Алайда болжанған 10-12% диапазон шегінде қалыптасты.
Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түсті, – делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.
Инфляция ақпандағы 1,5%-пен салыстырғанда наурызда 1,3%-ке дейін баяулады. Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуіне байланысты.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!