Ресейлік БАҚ Ресей банктерінің Қазақстаннан кететінін хабарлауда. frankrg.com жазуынша, Қазақстандағы Ресейдің еншілес банктері Сбербанк пен Альфа-Банк сатылады. Әзірге негізгі үміткер –  Тимур Турловтың Freedom Finance компаниясы.

Санкцияларға ұшыраған ресейлік банктер Қазақстанның банк нарығынан кетуге мәжбүр. Сбербанк, ВТБ және Альфа-Банкті қоса алғанда, Қазақстанда банк активтері бар ірі ойыншылардың барлығы дерлік АҚШ пен ЕО санкцияларының ұшырады. Олардың екеуі – Альфа-банк пен Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банктері сатылымға қойылды.

Қазақстанда банк активін сатып алуға қызығушылықты Альфа-Банкпен де, Сбербанкпен де диалог жүргізетін Freedom Finance білдірді, деп хабарлады Frank Media-ға келіссөздерге жақын үш дереккөз.

«Сбербанктің Қазақстандағы еншілес ұйымы қазірдің өзінде активтерін сатуды бастады — ол 733,9 миллион долларлық бөлшек портфелінің бір бөлігін Халық банкіне аударады», – делінген frankrg.com хабарламасында.

Ресейлік баспасөздің хабарлауынша, көлемі бойынша екінші мемлекеттік Банк ВТБ Қазақстанда бизнесін сақтап қалуға ниетті.

«Мұны ВТБ тобының Бақылау кеңесіне жақын дереккөз растады: «Бұл банк Қазақстанда қалуы мүмкін. Себебі, бір банк ресейлік клиенттерге қызмет көрсетуі керек. Ресеймен тауар айналымы тек өсу көрсеткішьерін көрсететін болады», – делінген ресейлік БАҚ-тың хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!