Қазақстанда теміржол саласы жаңа жылдық кезеңдегі жолаушылар тасымалының ағынына дайындалып жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, жаңа жылдық мереке қарсаңында қосымша вагондар қосылады.

Қазір Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты қабылданған.

«Алайда 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі «, – делінген ақпаратта.

Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарланып отыр.

Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

  1. Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
  2. Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
  3. Павлодар – Пресногорьковская;
  4. Қызылорда – Семей;
  5. Ақтөбе – Атырау.

Сонымен қатар тасымалдаушылар сақтық шараларын толық сақтауы қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!