Жыл соңына дейін Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаваттық күн электр станциясы іске қосылады. Өткен жылы Жалағаш және Шиелі аудандарында жалпы қуаттылығы 80 мегаватты құрайтын 2 күн электр станциялары пайдалануға берілді.
«Біздің аймақ күн сәулесі мол түсетін өңір. Оны ұтымды пайдалану мақсатында мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қазір шағын ауылдарда осындай жобалар жүзеге асырылды. Енді қуаттылы көп станцияларға көңіл бөлінуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда өткізілген аукциондық сатылымның нәтижесімен «Хевел Қазақстан» компаниясы жеңімпаз болып анықталып, Арал қаласында қуаттылығы 20 мегаваттық күн электр станциясын салынады. Дәл осындай станциялар электр энергиясына деген тәуелділікті азайтады»,- деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында 6 әлеуметтік нысанның бу қазандықтары газға ауыстырылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 13 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылды. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!