Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Дильназ Ержігітова «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» ұйымдастыруымен өткен «Білімді қыздар – ұлттың ұйытқысы» атты республикалық студенттер айтысында Бас жүлдені жеңіп алды.
Суырып салма ақындық өнерімен көзге түсіп жүрген Дильназ үшін бұл – университет қабырғасында жүріп қатысқан екінші айтыс. Бұған дейін ол Алматы қаласында өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дәстүрлі VIII халықаралық «Менің пірім – Сүйінбай» атты жас ақындар айтысында жүлделі ІІ орын иеленген болатын.
Айтыс – халқымыздың рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіретін өнер. Дильназ осы өнерді ұлықтап, суырып салма қабілетімен дараланып келеді.
Университет ұжымы жас ақынға алдағы шығармашылық жолында сәттілік пен шабыт тілейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!