Қазан айының соңғы аптасында Киелі Түркістан шаһарында өткен V Халықаралық балалар,жасөспірімдер  мен жастарға арналған «Түркістан сазы» атты өнер байқауы өткізілді.

Аталған байқауға Белкөл кентіндегі  № 189 орта  мектептің ән- әуез пәнінің мұғалімі Шоникова Гулжанның  жетекшілігімен мектептің өнерлі оқушылары қатысып, жүлдемен оралды.

Шәкірттерімізге бұл байқау ерекше әсер етті.

Әділ қазылар барлық қатысушы талантты өнерпаз шәкірттердің өнерін саралап нәтижесінде  үлкен топ бойынша Саулебек Назым мен Рустамбек Асем  дуэтпен бірлесіп «Алға» әнін орындап бас жүлдені иеленді.

 Кіші топтан Саматұлы Дарын мен Нұқы Аршын  «Әке Ана» әнін бірге шырқап бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жеке орындауда Бағдат Каусар мен Нұрлан Әсемай да жүлделі бірінші орынды иеленіп келді.

Осылайша шәкіртерімізТүркістан шаһарының үлкен сахнасында Сыр елінің  мәртебесін биікке көтерді.

Жас таланттардың қабілетінің ашылуына себепкер болған, шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігі мен өз ісіне адалдығы үшін Шоникова Гулжан  Үздік ұстаз дипломымен марапатталып келді

Байқауға қатысып келген шәкірттерімізді жеңісімен құттықтап,биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!