А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық жас өнерпаздар арасын- да «NEW ART STARS» өнер байқауы өтті. Шараны «DALA DARYN» шығармашылық орталығы ұйымдастырды.

Өнер байқауына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институтына қарасты «Дизайн және технологиялар» кафедрасының «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенттері қатысты. Білім алушылар байқауға өздері дайындаған қолөнер туындылары мен көркем шығармаларын ұсынды.

«Этностильдегі ұлттық киімдер» жиынтығын әзірлеген Айгерім Жайылханова «Қолөнер» номинациясы бойынша бас жүлде иеленді. (Жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистры Асия Жүнісова) Ал «Тарихтан естеліктер» панноларын дайындаған Мәншүк Жұбатқан (жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты Шолпан Қошқарова), «Желсіз түнде жарық ай» атты картинасымен қатысқан Шынарай Көбеген (жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты Шолпан Қошқарова) І орынды еншіледі.

«Бейнелеу» номинациясы бойынша І орынмен «Туған ел» көркем шығармасымен қатысқан Еркежан Бақытбекқызы марапатталды. (Жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистры Еркін Мақашев).

Әдемілік пен шеберлікті ұштастырып, үздік атанған студенттер Дубай еліне жолдама иеленді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!