Павлодарда Pavlodar Open-2024 халықаралық шахмат турнирі өтті. Ересектер арасында халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Нұрдаулет Таңатов жүлделі ІІ-орын иеленді.

«Open» турнирінің қорытындысы бойынша Абдусамат Әріпов жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгелік сертификаттың иегері атанды. Ал ІІ-орыннан көрінген Нұрдаулет Таңатов пен ІІІ-орын иеленген Ален Сулеев 10 турдың соңында 8 ұпай жинап, 700 мың теңге сертификат алды.

Айта кетейік, турнирге 17 елден келген танымал гроссмейстерлер мен халықаралық шеберлер жиналды. Сайыс KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Павлодар облысының әкімдігі, федерацияның бас серіктесі Freedom Holding Corp. және «HaGi Павлодар» компаниясының қолдауымен өткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!