фото: видеодан скриншот

Қазақстандық альпинистер Африканың ең биік нүктесі Килиманджаро шыңын (5895 м) бағындырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақ экспедициясының жетекшісі аты аңызға айналған, әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын14 тауды бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев болды.


“Экспедиция жай ғана өрмелеу емес. Бұл рухтың күші мен армандардың орындалатын шағы”, – деді қазақстандық альпинист.


Айта кетейік, бұған дейін Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаевтан құралған Kazakh Everest Team қазақстандық командасы әлемдегі ең биік Эверест шыңын (8848 метр) бағындырған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!