Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ облыс оқушылары мен студенттері арасында есірткі жайлы ертегі жазу шығармашылық сайысын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі мәселесін түсіндіру денгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау болып табылды.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 107 үздік жұмыс жіберілді.
Әрбір байқауға қатысушы өз ертегісін жазып, оны БАҚ пен ақпараттық порталдарда жариялады. Өз еңбектерінде нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын мәселелер және нашақорлықтан аулақ болу туралы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.
Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес 107 сайыскердің 58-і жеңімпаз танылды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары: Алпысбаева Аяла, Куанышбаева Жаннур – Арал ауданы №№64,14 орта мектеп оқушылары; Кеңес Ислам, Серік Айзере, Жеңіс Арман, Есенкелді Әбілмансұр Қазалы ауданы №№17,266,95,102 орта мектеп қушлары; Ділмұхамед Медет – Жалағаш ауданы №33 орта мектеп оқушысы; Нұрислам Бахтияр, Нұрлан Нұрай – Қызылорда қаласы №№39,15 мектеп-лицей оқушылары; Асылхан Ролланұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті; Кеншилик Арайлым – Қармақшы ауданы N273 орта мектеп оқушысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!