Samsung Solve For Tomorrow 2025 республикалық стартаптар байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Nauanix командасы ІІ орынға ие болып, 2,5 миллион теңге көлемінде жүлде жеңіп алды.

Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 3400-ден астам оқушы қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған 992 инновациялық идеяны ұсынды.

Nauanix командасы атынан 12-сынып оқушылары — Әділхан Жантурин, Гүлім Болатқызы, Ерасыл Айдарбек және Аяжан Төребек — ReMotion жобасын таныстырды. Бұл инсульттан кейінгі науқастардың ұсақ моторикасын қалпына келтіруге көмектесетін және әртүрлі ойын элементтері арқылы жаттығуларды қызықты әрі тиімді ететін цифрлық шешім.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сырбойылық зияткерлер байқау барысында ерекше табандылық танытып, бастапқы өтінімнен финалға дейін өз өнімін үнемі жетілдіріп отырған.

Samsung Solve For Tomorrow жыл сайын өткізіледі және ол жастардың тың бастамаларын қолдауға, оқушылардың STEM саласына деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Қызылордалық зияткерлер – елдің үздік жаңашылдар қатарында
Қызылордалық зияткерлер – елдің үздік жаңашылдар қатарында
Қызылордалық зияткерлер – елдің үздік жаңашылдар қатарында
Қызылордалық зияткерлер – елдің үздік жаңашылдар қатарында

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!