Фото: скрин с видео телеканал Беларусь

Sputnik. Беларусте «Витебск-2024» эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. Байқауда бас жүлде молдовалық әнші Каролина Баланға берілсе, бірінші орынды қазақстандық Ерназар Жұбан жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

Екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина бөлісті. Үшінші орын болгариялық Валерия Чучман мен Беларусь әншісі Невена Пейковаға берілді.

Ерназар «Подберу музыку» атты әнді орындап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған.

Өнерпаздарды Ресей, Молдова, Мексика, Дания және Болгариядан келген танымал әншілер мен продюсерлер бағалады. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!