21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.
Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.
100 км:
- 1. Жетісу облысы – 06:57:11
- 2. Маңғыстау облысы – 07:30:48
- 3. Алматы қаласы – 07:35:52
- 4. Қостанай облысы – 08:18:54
- 5. Жамбыл облысы – 08:24:30
- 6. Астана қаласы – 08:35:16
- 7. Қарағанды облысы – 09:24:28
- 8. СҚО – 09:32:21
- 9. Ақмола облысы – 09:53:57
- 10. Түркістан облысы – 10:42:08
- 11. Абай облысы – 10:45:39
- 12. Ұлытау облысы – 11:14:30
- 13. Павлодар облысы – 12:48:13
- 14. «Рекорд» командасы.
300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
- 1. Жетісу облысы – 19:41:06
- 2. Маңғыстау облысы – 20:13:16
- 3. Алматы қаласы – 20:31:38
- 4. Жамбыл облысы – 21:44:47
- 5. Қостанай облысы – 21:48:55
- 6. Астана қаласы – 23:08:36
- 7. Қарағанды облысы – 23:49:23
- 8. Ақмола облысы – 24:21:23
- 9. СҚО – 25:09:07
- 10. Түркістан облысы – 26:26:44
- 11. Абай облысы – 26:29:16
- 12. Ұлытау облысы – 28:13:15
- 13. Павлодар облысы – 28:59:26
- 14. «Рекорд» командасы.
Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жобаның басты серіктесі:
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.
Қолдау көрсетушілер:
«Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.
Ақпараттық серіктестер:
«Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb – JORYQ, Instagram – joryqofficial, Tik-Tok – JORYQ, youtube – JORYQ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!