Фото: zharar.com

«Алтынның қадірін қолда барда білмейсің» деп бекер айтпаса керек, қазір өз елімізден бөлек, өзге елде танылған талантты жас көп. Мәселен, Димаш Құдайбергенов, Скриптонит, Нұрлан Сабуров, Иманбек Зайкенов және аты аталмаған басқа да тұлғалармен бұл тізімді жалғастыруға болады.

Алайда қазақ жерінде мүлдем танымал болмай, лезде әлемдік дең гейге көтеріліп кет кен жандар да бар. Бұл мақаламызда шетелде «бағы жанған» қазақ ұландары туралы әңгіме өрбітетін боламыз.

Ерқанат Сәдуханов – мектепте биология пәнінен сабақ беретін мұғалім және бит-мейкер. Ол әлемдегі ең танымал әншілердің бірі Дуа Липамен іскерлік байланыс орната алды. Нақтырақ айтсақ, Ерқанат «Illusion» әніне бит ойлап тапқан. Әлемге әйгілі әнші оның туындысын құп көріп, «Radical optimism» альбомына қосқан. Әнші «Illusion» әнін бейнебаянымен 2024 жылдың сәуірінде жарыққа шығарды. Қазір Ерқанат Сингапурда мұғалімдерге арналған «Дарынды балаларды дамытуға арналған Сингапурдың білім беру жүйесі» тақырыбында оқыту курсына қатысуда. Педагогика саласымен қатар мәдениетіміздің дамуына үлес қосып жүрген Ерқанат әлі де тыңдарманын қуантады деп сенеміз.

18 жастағы Рахат Көшкінбаев – әлемдік «Balenciaga» брендінің подуиымында жүріп өткен алғашқы қазақ модель. Мектеп қабырғасында-ақ өзіндік қабілетімен танылған оқушының әлемдік подуимуды бағындыруына достары себепкер болған.

– Достарым модельдік келбетімнің бар екенін айтып, осы салаға үгіттеді. Алғашқы тіркелген модельдік агенттікте бір жыл бойы мардымды ештеңе істемеген соң, басқа модельдік орталыққа ауыстым. Келісімшарт жасасқан соң, 4 күннен кейін Миланнан ха-бар келіп түсті. Осылайша менің модельдік мансабым бастау алды. «Balenciaga» – менің ең сүйікті брендім. Алғашында қатты таңғалдым, себебі бұл менің дебюттік подиумым болатын, – дейді астаналық модель.

Ғаламтор кеңістігінде үздік корпора-циялардың бірі – Google технологиялық компаниясында жұмыс істеуді армандайтын миллиондаған адам бар. Бүгінде Google-да 100 қазақ азаматы жұмыс істейді. Тіптібасшылық ресми түрде мойындаған өз қауымдастығы бар. Қазақстандық Шерзат Айтбаевтың Google-да қызмет атқарғанына 9 жылдан астам уақыт болды.

– Жұмыс барысында ең бастысы сізбен бірге қыз мет ат қа ратын адам дар еке нін түсіндім. Талант-ты, бірлігі жарасқан әріп-тес тер мен жұ мыс істеу мүм кін дігіне ие болғаным үшін өзімді бақытты сезінемін. Болашақта не күтіп тұрғанын білмейміз. Дөп басып нақты айту қиын. Десек те 2024 жылға үлкен жоспарларым бар. Өзіме нөлден ба-сталатын жаңа жобалармен айналысқан өте ұнайды. Google-да немесе басқа компания-да болсын, авторлық идеяларымды жүзеге асырғым келеді. Әрине, үлкен технологиялы салада мол тәжірибе жинақтаған соң, өзімді сыртқы стартап әлемінде сынап көргім келеді, – дейді талантты жас Шерзат Айтбаев.

Спорт шыңынан көрініп жүрген қытайлық қазақ қандас Тайлақ Нұражы да жеңіс тұғырынан түскен емес. Ол «Алматы Арена» спорт кешенінде өткен аралас жекпе-жектен «NAIZA 57» турнирінде қарсыласын техникалық нокаутпен 1-раундта-ақ жеңді. Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісі.

Әлемдік деңгейде қазақ халқының мәртебесін көтеріп жүрген қазақ жастарының сапы мұнымен шектеліп қалмайды. Бұл – сол тізімнің кішкентай бір бөлігі. Сайыпқырандай қалықтап, қазақ ұлтының абыройын асқақтататын даңқты жастар көп бола береді деп сенеміз.

Қорлан САРЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!